USD
USD
USD

АҚШ-та Мұхтар Әбләзов пен Ілияс Храпуновқа қатысты сот ісі қаралады

Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әбләзов пен Ілияс Храпуновқа қатысты түскен шағымды сотта қарауға қаулы шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

АҚШ-та Мұхтар Әбләзов пен Ілияс Храпуновқа қатысты сот ісі қаралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 29 наурызында АҚШ округтік сотының судьясы Элисон Нейтан Мұхтар Әбләзов пен Ілияс Храпуновтың өтінішін қабылдамай тастаған.

«Ол барлық 4 шағымды (иемдену, негізсіз баю, меншік құқығы және азаматтық практика туралы Нью-Йорк заңы мен ережелерінің §5239 сәйкес талап) сотта қарауға рұқсат берген. Судья Нейтан ұсынылған деректерді мұқият зерделеген. «Маңызды дәлелдер» Triadou-ның АҚШ-қа салған қаражатын Мұхтар Әблязовтың ұрлағанын, кейін оларды саналы түрде АҚШ-та Ілияс Храпунов және басқалары пайдаланғанын көрсетеді», - деп жазылған Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Элисон Нейтан барлық 4 шағым сотқа берілгенін атап өтті. Сонымен қатар судья Мұхтар Әбләзов миллиондаған қаржыны ұрлағанын жеткізді.

«Банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбләзов бақылауындағы компанияларға жалған кредит беру арқылы миллиондаған долларды ұрлау үшін ықпалын пайдаланған. Бұл қаржының қайдан алынғаны Triadou-ға ұқсас компаниялардың лабиринті арқылы көрінеді. Бұл дәлелдер алқабилерге Triadou ақшаның ұрланғанын, ол қаржыны жылыстатуға көмектесті деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ ол деректер «Виктор Храпунов қала мэрі болғанына қарамастан  Алматыдан (бюджет – портал) миллиондаған доллар иемденген көрсететінін» жеткізді. Элисон Нейтан АҚШ-қа салынған ақша БТА-ға дейін бақылауда болғанын атап өтті. Алдағы уақытта іс сотта қаралады. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты сот отырысының нақты күні белгісіз болып отыр. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net