USD
USD
USD

АҚШ-та метеорит құлады

Дүйсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады, деп хабарлайды USA Today.

АҚШ-та метеорит құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид екенін баяндады.

«Бұл – жарқын жарқылдау мен жарылыс дыбысын туындататын метеориттің ерекше түрі», - деді ол.

Хэнки аспан денесінің құлау жылдамдығы мен сипаттамаларына негізделіп, оның астероидтің бір бөлігі екенін шамалап отыр.

«Алайда бұл метеорит 2021 GW4 астероидінің бір бөлігі ме, жоқ па, бұл белгісіз болып қалып отыр», - деді ол.

Gianluca Masi of VirtualTelescope.eu мәліметінше, 2021 GW4 астероиді дүйсенбі күні таңертең Жерден өте жақын қашықтық – 12430 миль жерде құлаған. Астероидті 8 сәуір күні Аризона штатының Леммон қаласында орналасқан Catalina Sky Survey телескопы анықтады. Сондай-ақ, 16-25 сәуір күндері аралығында Лирида жұлдыз ағатын мезгіл өтетіні хабарланып отыр. EarthSky.org мәліметінше, оның үдемелі кезі, яғни 10-15 метеориттің құлауы 22 сәуірдің таңына қарай болжанып отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер