USD
USD
USD

АҚШ-та құс өлімі рекордтық деңгейге жетті

Індет АҚШ-та Алғыс айту күнінде дәстүрлі тағам саналатын жұмыртқа мен күркетауық етінің қымбаттауына әкелді, деп хабарлайды «Америка дауысы» агенттігі. 

АҚШ-та құс өлімі рекордтық деңгейге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы жылы АҚШ-та құс тұмауынан 50,54 миллион құс қырылды. АҚШ-тың Ауыл шарушылығы министрлігінің деректері бойынша бұл ел тарихындағы ең қауіпті індет болды. Тауықтардың, күркетауықтардың және басқа құстардың өлімі бүгінгі күнге дейін жануарлардың денсаулығына қатысты ең жойқын апат болды, бұл құс тұмауының өршуі кезінде 2015 жылы 50,5 миллион құс өлген алдыңғы рекордты жаңартты.

Инфекция көбінесе құстардың өліміне әкеледі. Бір құстың сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін құс фабрикалары аурудың таралуын болдырмау үшін миллиондаған құсты өлтіреді.
Құстардың қырылуы жұмыртқа мен күркетауық еті бағасының рекордтық өсуіне әкеліп соқты, бұл жоғары инфляцияға тап болған тұтынушылардың экономикалық мәселелерін күшейтті және АҚШ-та Алғыс айту күніне арналған негізгі тағамның құнын көтерді.
Бұған дейін Жапонияда құс тұмауының өршуіне байланысты 1,5 миллионнан астам тауық сойылатыны хабарланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар