USD
USD
USD

АҚШ-та коронавирустан құтқаратын жаңа дәрі шығарылды

 АҚШ-та ковид індетіне қарсы антивирустық дәрілерді қолдануға рұқсат берілді.

АҚШ-та коронавирустан құтқаратын жаңа дәрі шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Азық-түлік және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету басқармасының өкілдері мәлімдеді. «Паксловид» атты жаңа дәріні коронавирус жұқтырған кез келген 12 жастан асқандар қабылдай алады. Препаратты өндіруші Пфайзер компаниясының мәліметі бойынша  клиникалық сынақтар кезінде паксловидтің тиімділігі 90 процентті көрсеткен. Осылайша белгілі бір адамның ковидті жұқтырғаны анықталса, дәрінің көмегімен оның асқынуын тоқтатуға болады, дейді мамандар.

Әсіресе иммундық жүйесі әлсіздерге, салмағы ауырларға және 65 жастан асқандарға ұсынылады. Байден әкімшілігі Пфайзер компаниясынан аталмыш дәрі-дәрмектің 10 миллион данасын сатып алғанын мәлімдеді. Альберт Бурла, Pfizer компаниясының басқарма басшысы: – Бұл дәрілер коронавирустың омикрон және өзге де түрлеріне қарсы тиімді деп айта аламын. Өйткені зерттеу жұмыстары кезінде мутацияға ұшыраған вирустар зерттелді. Бұл препараттар ковидпен күресуге жаңа серпін беретініне сенімдімін. 

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич