USD
USD
USD

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті

АҚШ-тың Калифорния штатының Сан-Бенито округінде коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Бұл вирустың адамнан адамға ауысқанын көрсетеді, деп хабарлады АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости.

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін АҚШ-та тоғыз адамның коронавирус жұқтырғаны расталған еді. «Ал соңғы оқиғада ерлі-зайыптылар сырқаттанған. Олардың екеуі де 57 жаста. Күйеуі жуырда Уханьнан келген. Ал әйелі Қытайға бармаған. Демек оған қауіпті індет күйеуінен жұққан болуы мүмкін» делінген министрлік таратқан мәліметте.

Ал South China Morning Post газетінің хабарлауынша,  Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны 95 адамға жеткен. Европада – 23, Австралияда – 12 адам сырқаттанған. Бұған дейін осы дерттен Қытайдан тыс жерде көз жұмған алғашқы адам тіркелген еді. Ол Филиппинде қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқырғаны үшін сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй