USD
USD
USD

АҚШ-та ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті

Ер адам Аризона штатындағы Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайында орнынан қозғалып, ұшуға бет алған ұшақтан секірген. Бұл туралы CNN агенттігі Southwest Airlines әуе компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ келген жолаушылар үшін шығу жолдарының біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы ұшақтан (әуе кемесінің) артқы бөлігіндегі люк арқылы шыққан» - деді Southwest Airlines өкілі Дэн Лэндсон.

Содан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті хабардар еткен. Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған. Әуежайда орналасқан өрт сөндіру бөлімінің өкілі Тодд Келлердің айтуынша, өзі олардың ғимараттарына жетіп, бөлмелердің біріне кірген де есікті ашпай қойған.

«Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға көндірген, содан кейін тексеріп, қажетті көмек көрсеткен және аяғын жарақаттап алған оны ауруханаға жеткізген», — деп нақтылады Келлер.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе