Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ-та дәрі-дәрмек бағасын арзандататын төрт жарлыққа қол қойылды

 АҚШ президенті Дональд Трамп дәрі-дәрмектің бағасын төмендететін 4 жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-та дәрі-дәрмек бағасын арзандататын төрт жарлыққа қол қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақ үй басшысының айтуынша, бұл құжаттар дәрі-дәрмекті сату кезінде оның құнын көтеріп отырған делдалдардың әрекетіне тосқауыл қойып, пара берумен күресуге көмектеспек. «Себебі, қазір Құрама Штаттарда дәрі-дәрмектің құны өзге елдерге қарағанда орта есеппен алғанда 50%-ке жоғары», - дейді Ақ үй басшысы.

Президент Трамп алдағы сейсенбі күні осы мәселе бойынша фармацевтикалық компаниялар өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп: "Бүгін мен елде дәрі-дәрмектің бағасын арзандатуға бағытталған 4 құжатқа қол қоямын. Біз бұған дейін де олардың құнын төмендетуге күш салып келдік. Бірақ ол жеткіліксіз болды. Сондықтан соңғы 51 жылда алғаш рет дәрігердің кеңесімен берілетін дәрі-дәрмектерге қатысты ірі реформаларды қамтитын шаралар қолға алынып отыр" деді.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау