USD
USD
USD

АҚШ-та COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа мәлімет бар

Америкалық барлау қызметкерлері Ақ үйге коронавирустың шығу тегі туралы қосымша компьютерлік талдауды қажет ететін әлі тексерілмеген мәлімет бар екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-та COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа мәлімет бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. New York Times газеті мәліметіне сүйенсек, қандай деректер туралы айтылғаны нақтыланбаған. Сонымен қатыр, ақпарат көздерінің айтуынша, барлау қызметкерлері вирустың пайда болуын анықтау үшін "үлкен" компьютерлік қуаттарды пайдалануға үмітті.

Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден коронавирустың пайда болуы туралы есепті өзі білмейтін ақпарат болмаса толық жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Ақ үй коронавирустың таралуы ғылыми зертханадағы апатқа байланысты деген нұсқаны әлі жоққа шығармайтын хабарлаған болатын. Хабарламада АҚШ-тың барлау қауымдастығы вирустың пайда болуының екі нұсқасын - адамға жануардан берілу және зертханадан тарауы нұсқасын қарастыратыны жазылған. 90 күн ішінде барлау ақпаратты жинау мен талдауды екі есе күшейтіп, кейін президентті хабардар етуі керек. ҚХР-ның АҚШ-тағы елшілігі коронавирустың "зертханадан тарау" теориясын жала деп санайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер