USD
USD
USD

АҚШ-та бірнеше танымал компания қаржылық қиындыққа тап болды

АҚШ-қа банкроттық толқынының қаупі төніп тұр. Бәріне коронавирус себеп. «Зэ МАзатлан Пост» басылымы қаржылай қиындыққа тап болған компанияның тізімін жария етті.

АҚШ-та бірнеше танымал компания қаржылық қиындыққа тап болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатарында танымал киім брендтері көп. Мәселен, ерлер киімін шығарумен айналысатын «Брукс БрАзэрс». 200 жылдық тарихы бренд өзінің банкротқа ұшырғанын жария етті. «СтАрбакс» жүздеген дәмханасын жабатын болды. Үй жалдау бойынша онлайн алаң ұсынатын «Эйр-Би-Эн-Би» компаниясының басшысы коронавирус 12 жылғы еңбегін небәрі 6 апта ішінде жоққа шығарғанын айтты.

АҚШ-тың ірі сауда орталықтарының бірі «Молл оф АмЭрика» ипотекалық төлемдерін тоқтатқан. Пандемия кесірінен биыл елде бөлшек саудасымен айналысатын 15 мыңға дейін дүкен жабылуы мүмкін деген болжам бар. «Ковид-19» АҚШ-тың еңбек нарығына да қатты әсер етті. Осы ретте шамамен 4 ай ішінде мұнда 50 миллионнан аса америкалық жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берген.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және миллиондаған рубль: шекарада қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік