Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ-та ақтүтек боран соқты

  АҚШ-тың бірнеше штатында ақтүтек боран басылған жоқ. 

АҚШ-та ақтүтек боран соқты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мыңдаған әуе рейсі кейінге қалды. Мектептер жабылды. Оклахома, Канзас, Миссури, Иллинойс, Индиана мен Мичиганда қар аралас жауын жауып, жолдар айнадай мұзға айналды. Сол себепті көліктер қозғала алмай жол бойында тұр. Өрт сөндірушілер мен әскерилер қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстарына тартылды. Коммуналдық қызмет те үздіксіз жұмыс істеп жатыр. 

АҚШ-тың 20-дан аса штатында боран кешегіден де күшейді. Жолдағы көлік атаулы тоқтап, 3 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді. Ұшақтың 400-і Чикаго әуежайынан ұшуы тиіс еді. Жергілікті билік тұрғындарға жарықтың өшуі мүмкін екенін ескертті. Ал халықтың азық-түлікті жаппай сатып алуы себепті дүкен сөрелері босап қалған. Адамдар көбінесе нан, жеміс пен көкөністі шақ келтірмей жатыр. Он шақты штатта мектептер жұмысын тоқтатты. Құтқарушылар апатты аймақтағы 100 млн-ға жуық тұрғынды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел