USD
USD
USD

АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: қаза тапқандар бар

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Дейд округінде 12 қабатты ғимарат құлады. Қайғылы оқиғадан бір адамның қаза тапқаны белгілі. 99 тұрғын із-түзсіз жоғалған.

АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: қаза тапқандар бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат орнында құтқарушылар арнайы техникамен іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оған 80 өрт сөндіруші техника тартылды.

Мамандар үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 35 адам құтқарылды. Көбі дәрігердің көмегіне жүгінген. Әзірге ғимараттың ішінде нақты қанша адам болғаны белгісіз.

Айта кетейік, опырылып түскен ғимаратта 100-ден астам пәтер болған. Жағалаудағы бұл апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

«102 адамның аман қалғанын білеміз. Олардың нақты қайда екені белгілі. Әлі де 99 тұрғынды іздестіріп жатырмыз. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда»,  –  деді Майами-Дейд мэрі Даниэлла Левин Кава.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер