Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақшолақов: Өнімсіз делдалдарды мұнай жеткізу саласында жоқ қылдық

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов журналистердің бірқатар сауалдарына жауап берді. 

Ақшолақов: Өнімсіз делдалдарды мұнай жеткізу саласында жоқ қылдық
Фото: NEGE.kz

Баспасөз жиынында Қазақстандағы жанар-жағармай нарығындағы мәселелер талқыланды. Мұнай өңдеуге, оны тасымалдауға қатыспайтын, теңгерімінде мұнай базалары және жанармай құю станциялары жоқ, бірақ баға белгілеуге әсер ететін өнімсіз делдалдарға қатысты қандай шаралар қолданылуда?

NEGE-нің тілшісі жолдаған бұл сауалға Болат Ақшолақов жауап берді. 

Оның айтуынша, жаңа заң аясында делдалдардың жұмысына шектеу қойылған.           

«Мен оны айтып өткен болатынмын. Өнімсіз делдалдарды мұнай жеткізу саласында жоқ қылдық. Қазір жаңа заң бойынша мұнай өндіретін компанияларды ғана көруге болады. Ол «ҚазМұнайГаз» немесе олармен біріккен ірі сауда копаниялары болуы мүмкін. Жаңа заң бойынша басқаларға жол жоқ. Екіншіден, теңгерімінде ешқандай жанармай станциясы, не болмаса мұнай базалары жоқ болса, олардың бұл салада жұмыс істеулеріне тыйым салынады. Шартты орындамаса, олар тіркеуден өте алмайды», – деді Ақшолақов. 

Ол жаңа заңның қазіргі сұранысы бойынша барлығын жыл сайын ретке келтіріп отыратынын алға тартты. 

«Үшіншіден, ауыл шаруашылығы маусымдарына қатысты өзгерістерді биыл біз бірінші рет енгізіп отырмыз. 1 наурыздан бастап мамырдың 31-іне дейін мұнай өндіретін компаниялар өнімдерін тікелей жанармай құю компанияларының станцияларына сатуы қажет. Олардың арасында ешқандай делдал болмауы керек. Заң бойынша осындай өзгерістер енгіздік», – деп жауап берді министрдің міндетін атқарушы. 

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы