USD
USD
USD

Ақша бопсалады деген күдікпен QirSabyn телеграм-каналының әкімшілері ұсталды

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұстау
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-каналы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялаумыз деп қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Телеграм-каналдың әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала