USD
USD
USD

АҚШ жүз елге 500 млн доза вакцина таратады

АҚШ алдағы екі жыл ішінде Pfizer мен BioNTech  компаниясынан 500 млн доза вакцина сатып алып, оны 100-ге жуық кедей елге бөліп береді.

АҚШ жүз елге 500 млн доза вакцина таратады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның 200 млн дозасы биыл, қалғаны келесі жылдың ортасында жеткізіледі. Қайырымдылық шара Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ковакс бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Басты мақсат жаһан жұртын вакцинациялау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Президент Джо Байден бұл шешімін Ұлыбританиядағы «Үлкен жетілік» саммитінде ресми түрде хабарлайтынын айтты. Жақын арада Құрама Штаттар аталмыш фармацевтикалық компаниямен келісім-шартқа отыратын болады. Вашингтон препаратты комерциялық емес ұйымдарға арналған бағамен сатып алады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер