USD
USD
USD

АҚШ жаңа вакцинаны салуға рұқсат берді

Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді.

АҚШ жаңа вакцинаны салуға рұқсат берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде.  Бұл туралы BBC хабарлайды. Johnson & Johnson препаратының тиімділігі сырқаттың халі ауыр болған жағдайда 85% көрсетіп отыр.

Осы аптада Азық-түлік және медициналық препараттардың сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сарапшылары (FDA) аталмыш вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны жариялаған болатын. Олардың бағалауынша, коронавирус жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарда препараттың тиімділі – 66,1%, сырқаттың ауыр жағдайында 85% көрсеткен.

Осылайша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы үшінші препараттың қолданысына рұқсат беріліп отыр - Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson. Бұған дейін Johnson & Johnson компаниясы Америка үкіметімен 100 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша 1 млрд долларға келісім жасасқаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия