USD
USD
USD

АҚШ Украинаға қосымша көмек бермек

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігіне шекараны қорғауды, құқықтық тәртіпті сақтауды және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету үшін 100 миллион доллар қосымша көмек бөлуге ниетті екенін айтты.

АҚШ Украинаға қосымша көмек бермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қаржыландырудың артуы Украинаның мемлекеттік шекара қызметі мен Ұлттық полициясы үшін жеке қорғаныс құралдарының, далалық және тактикалық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, бронтехника және байланыс құралдарының тұрақты келуіне көмектеседі. 

"АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігінің мүмкіндіктерін жақсарту үшін азаматтық қауіпсіздікке қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуге ниетті", - делінген Блинкен мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ Украинаға гуманитарлық көмекті қаржыландыруға қосымша бір миллиард доллардан аса қаражат бөлуге дайын екендігі хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City