USD
USD
USD

АҚШ Украинаға көмек көрсетпек

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді. АҚШ-тың жаңа мемхатшысы мен Украинаның сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлескенде Вашингтон Киевке экономикалық және әскери қолдау көрсетуін жалғастыратынын айтты.

АҚШ Украинаға көмек көрсетпек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ Украинаға "экономикалық және әскери көмек көрсетуді" жалғастырады. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс саяси әңгіменің маңызды бөлімдерін айтып өтті.

«Мемлекеттік хатшы Украинаға екіжақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Америка Құрама Штаттары Украинаның егемендігіне, аумақтық тұтастығына және еуроатлантикалық ұмтылыстарына басымдық береді», – делінген хабарламада.

Американың сыртқы саясат бөлімінің басшысы Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, заң үстемдігін жүзеге асыру және институттарды нығайтуға бағытталған экономикалық реформалардың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекеттік хатшы мен сыртқы істер министрі Кулеба Украинаның COVID-19-ға қарсы күресі және Украинаның шығысы мен Қырымдағы Ресейдің агрессиясына байланысты дипломатиялық келісімге қол жеткізуді талқылады», – деп атап өтті Прайс.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы