Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді

Ресей билігінің айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлінгені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. "Біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз және Украинаға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз", – деді департамент өкілі. 

 Өткен аптада CNN арнасы АҚШ билігі Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді деп хабарлаған еді. Осы күнге дейін ведомство бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамады.  Америкалық тарап Украинаға қару-жарақ, оқ-дәрілер, медициналық жабдықтарды жібермек. Бұл бұйрықты президент Джо Байденнің өзі берген екен. 

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел