USD
USD
USD

АҚШ шекарасынан кедергісіз өткісі келген ару америкалық ту бейнеленген хиджаб киген

Мұсылман дінін ұстанатын Бангладеш тұрғыны АҚШ шекарасынан оп-оңай өтіп кету үшін америкалық ту бейнеленген хиджабты киіп алған, деп хабарлайды Lenta.ru.

АҚШ шекарасынан кедергісіз өткісі келген ару америкалық ту бейнеленген хиджаб киген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  TikTok желісінде "omgggridwa" никнеймімен тіркелген блогер әуежайдағы шекара бақылауынан қалай өткенін айтып, видео түсірген. Бангладештік қыздың сөзінше, сапарға шықпас бұрын оған анасы дәстүрлі хиджабты емес, Америка туы бейнеленген орамалды тағуға кеңес берген. "Ол осылайша, мені шекарадан оңай өткізеді деп ойлады", - дейді жазба авторы. Оның видеосы тез таралып, 13 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. Роликті көргендер жарыса пікір жазған. "Менің саған миллион сұрағым болар еді", "Күлкіден өлетін шығармын, мұндай хиджаб күмәнді көбейтеді", "Ал менің әкем шекарадан ковбойлардың аяқ киімімен өткен", "Сені қосымша тексеруге шақырды ма? Күліп отырмын", - дейді желідегілер.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер