USD
USD
USD

АҚШ Сенатының тізгіні демократтарға бұйырды

Демократтар Сенаттағы артықшылығын сақтап, аралық сайлауда 50 орынға ие болуы мүмкін. Көптеген америкалық БАҚ осындай болжам жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Сенатының тізгіні демократтарға бұйырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат құрамын анықтауда Невададағы сайлау шешуші рөл атқарған секілді. Өйткені берілген дауыстың 96% саналған соң демократ Кортес Масто небәрі 0,5% айырмамен Невада штатындағы сайлауда өзінің қарсыласы республикашыл Лаксалтты басып озды ( 48,7%/48,2%). Соңғы нәтиже әлі жарияланған жоқ, бірақ демократтардың бұл жеңісі Сенатта 100-ден кем дегенде 50 орынға ие болатынын байқатады. Республикашыларда - 49 орын.

Сонымен қатар, орындарды теңдей бөлді деген кездің өзінде демократтар бәрібір артықшылыққа ие болатыны айтылады, өйткені бұл арада АҚШ вице-президенті, демократ Камала Харристің дауысы шешуші рөл атқарады.

Сенаттағы соңғы бос орынның тағдыры желтоқсанда Джорджиядағы сайлаудың екінші турынан кейін анықталады. Алдында бұл штатта ешбір кандидат қажетті дауысты жинай алмаған. Сондықтан екінші турға жол ашылды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов