USD
USD
USD

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады

АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Финляндия мен Швецияны НАТО-ға тез қабылдауға шақыратын қарарды бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комитет мүшесі Джим Риштің айтуынша, өтінімді мақұлдау Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қос партияның қолдағанын және альянсты нығайту керектігін білдіреді. "Швеция мен Финляндияның саяси және әскери дәстүрінің мықтылығы олардың одаққа кіруіне сай екенін көрсетіп отыр", – деді сенатор.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бет бұруы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Өртке оранған көлік

ҰҚК шекарашылары 510 млн теңгенің өнімін заңсыз өткізбек болғандарды тоқтатты

Тәркіленген тауарлар

Қалың мал берген жігіт мәһір төлей ме? ҚМДБ жауап берді

хабарлама

Қазақстан экономикасы 2027 жылы 4,8%-ға өсуі мүмкін – ХВҚ

Тиындар