USD
USD
USD

Дүниенің доңғалағы Дональдта емес

Ақ үй Трамптың Вашингтон уақытымен күндізгі 11.00-де халық алдында мәлімдеме жасайтынын хабарлаған. Трамптың халыққа мәлімдемесін елдің бұқаралық ақпарат құралдары тікелей эфирде таратты. Бұл туралы Nege.kz-тің АҚШ-тағы тілшісі Ербол Молдажан баяндайды. 

Дүниенің доңғалағы Дональдта емес
Фото: NEGE.kz

 

Бүкіл әлем АҚШ президенті Дональд Трамптың қандай мәлімдеме жасайтынын іштен тына күтті. Оның мәлімдемесін көпшілік Youtube желісінен көрді. Трамп өз мәлімдемесінде: «Иранға қарсы жаңа қатаң экономикалық санкциялар енгіземіз», – деді. 

«Мен АҚШ президенті болып тұрған кезде Иран ядролық қаруға ие бола алмайды. Кеше болған шабуылда біздің ешқандай әскеріміз жарақат алмады, қаза таппады, бар болғаны  әскери базаға аз-маз нұқсан келді. Біздің сарбаздарымыз қауіпсіз жерде. Америка барлық күшке дайын, бірақ, Иран, байқауымша, аяқ тартты-ау деймін. Бұл әлем үшін жақсы шешім болар еді. Қаза болған Иран әскерінің қолбасшысы Қасым Сулеймани Америкаға қарсы соққы жоспарлаған болатын, біз оның алдын алдық.  Бағдадтағы АҚШ елшілігіне қастандық ұйымдастырып, 4 америкалық сарбазды өлтірді. Бұның бәрі – соның ісі», – деді АҚШ президенті. 

Трамптың мәлімдеуінше, генерал Сулейманиді өлтіру шешімі бекерден бекер қабылданған жоқ. «Ол лаңкестерді дайындап, көптеген америкалық сарбаздардың мерт болуына қатысы бар адам. Сондықтан Сулейманидің көзін құрту туралы шешімді бұдан да ертерек қабылдау керек еді», – деді. 

Сондай-ақ, ол Иран ядролық қарудан бас тартуы керек және лаңкестікті доғаруы тиіс. Сондықтан Иранмен келісімге келу үшін әлем болып біріге жұмыс істеуіміз керек дегенді айтты.
«Дәл қазір бізде энергетикалық тәуелсіздік бар. Мұнай мен табиғи газ өндіруден әлем бойынша №1-міз. Таяу Шығыстың мұнайына мұқтаж емеспіз. Әлем тыныштықта өмір сүру үшін соғыстан бас тарту керек. Үй үйлесім мен үндестікте болуы үшін бейбіт өмір кешу қажет», – деп түйді Трамп.

 Сондай-ақ, АҚШ президенті Ресей, Қытай, Германия және Ұлыбританияға қарата Иранның лаңкестерді қолдайтын мемлекет екенін мойындауға шақырды. Оның мәлімдеуінше, бүкіл әлем Иранның бұл әрекетінің дұрыс еместігін айтып, ескерту жасау керек.

Сондай-ақ, ол шабуыл нәтижесінде келтірілген залалдың мардымсыз екенін айтып, әлемді тыныштандырып қойды. Бір сөзбен айтқанда, соғыс болмайтын болды. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды