Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ Ресейден тәулігіне 538 баррель мұнай сатып алып отырған

Былтыр Америка Ресейден тәулігіне 538 мың баррель мұнай сатып алған.

АҚШ Ресейден тәулігіне 538 баррель мұнай сатып алып отырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша АҚШ нарығына импортталған қара алтынның 7 проценті Ресейден жеткізілді. Яғни көрсеткіш соңғы он жылдан бері алғаш рет көбейді. Бұған дейін Америка нарығында ресейлік мұнайдың үлесі жарты проценттен аспаған. Блумберг агенттігінің мәліметіне қарағанда ресми Вашингтонның Венесуэлаға салған эмбаргосы және ОПЕК елдерінің қара алтын өндірісін азайту туралы шешімі АҚШ нарығында қара алтын тапшылығын туғызды. Сондықтан мұнай өңдейтін компаниялар санкцияға қарамай, керек шикізатты Ресейден алуға мәжбүр болған. Осылайша Ресей АҚШ-қа мұнай жеткізетін ірі үштікке кірді. Импорт бойынша көрші ел Сауд Арабиясынан да асып түскен. Негізі екі жылдан бері Вашингтон Мәскеудің «Батыс-2» жобасына кедергі жасап келеді. 2020 жылы Еуропа елдеріне газ жеткізетін құбыр құрылысына қатыспауды АҚШ конгресі де мақұлдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті