USD
USD
USD

АҚШ: Ресей жалған ақпарат таратты

  «Ресей батыс елдерінде жасалған вакциналар туралы жалған ақпарат таратты». АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс осылай деп айыптады.

АҚШ: Ресей жалған ақпарат таратты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, ресейлік 4 онлайн ақпарат құралы «Модерна» және «Файзер» компаниялары шығарған екпелерді қауіпті деп мәлімдеген. Бұл препараттарды АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау басқармасы мақұлдаған болатын. Ақ үйдің пікірі бойынша, аталған іске ресейлік барлау қызметінің қатысы бар. Бірақ ресми Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Спутник V» вакцинасы жайында да ағылшын-саксондық ақпарат құралдарында көптеген теріс мәлімет тарап жатқанын алға тартады.

АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс: "Ғаламдық өзара іс-әрекет орталығы 4 ресейлік онлайн-платформаның Ресейдің барлау қызметінің бағыттауымен жалған ақпарат таратқанын анықтады. Ресей ескі әдетіне басқан сияқты. Аталған вакциналар адамдардың өмірін құтқарып жатқанын жақсы білеміз. Жалған ақпарат халықты адастыруы мүмкін", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер