Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ: Ресей адам саудасына қарсы жеткілікті күресіп жатқан жоқ

Ресей билігі адам саудасына қарсы жеткілікті деңгейде күресіп жатқан жоқ, билік тармақтарының әрекеттері талаптарға жауап бермейді. Мұндай пікір әлемдегі адам саудасы мәселесі жөніндегі баяндамада айтылған.

АҚШ: Ресей адам саудасына қарсы жеткілікті күресіп жатқан жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатпен бейсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео таныстырды. Ресей адам саудасы мәселесі күрделі болып тұрған 20 елмен бірге үшінші топқа кіргізілген. Бұл топта Ауғанстан, Иран, Түркіменстан және Беларусь бар. Баяндамада мәжбүрлеп жұмыс істету мәселесі көтерілген. Әсіресе Ресейдегі қытай жұмысшылары жапа шегіп келе жатқаны айтылған. АҚШ билігі Ресейде өз ықтиярынсыз Қытайдың мыңдаған азаматы жұмыс істеп жүр деп санайды.

Помпеоның айтуынша, қазіргі таңда әлемде 25 миллион адам, оның ішінде балалар да бар адам саудасы мен сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып келеді. Помпео АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылы адам құқығы өрескел бұзылатын 15 елге көмек беруге шектеу қойылғанын еске салды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА