Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ президенті қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

АҚШ президенті қазақстандықтарды құттықтады
Фото: NEGE.kz

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады "Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті", – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

"Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін", – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев