USD
USD
USD

АҚШ пен Мексика шекарасында есірткі таситын ең ұзын жерасты жолы табылды

АҚШ пен Мексика шекарасында контрабандашылар қазған ең ұзын тоннель табылды.

АҚШ пен Мексика шекарасында есірткі таситын ең ұзын жерасты жолы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ құзырлы органдарының өкілдері Мексикамен шекара маңынан есірткі тасымалдау үшін қазылған ең ұзын жерасты жолын тапты.

 BBC-дің хабарлауынша, жерасты жолы Мексиканың Тихуана қаласынан басталып, АҚШ-тың Сан-Диего қаласына (Калифорния штаты) дейін созылып жатыр. Оның ұзындығы 1 313 метр, биіктігі - 170 сантиметр, ені шамамен 70 сантиметр болады. 

Тоннельдің желдету жүйесі бар. Сонымен бірге ішіне электр сымдары мен су құбырлары тартылған. 

Бұған дейін ең ұзын контрабандалық тоннель есебінде 2014 жылы табылған жерасты жасырын жолы саналып келген еді. 904 метрге созылған бұл тоннель де Сан-Диего қаласының маңынан табылған. 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот