USD
USD
USD

АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты.

АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің ойымша, біздің ел визасыз режим беруге әлі дайын емес. Өйткені бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі пандемия кезінде де визалар бойынша өте көп шектеулер бар», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде тілші сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, журналистер «Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу туралы келіссөздер болды ма?» деген сұрақ қойды.

«Әзірге, Қазақстанмен визасыз режим туралы келіссөздер болған жоқ. Қазір Вашингтонда жаңа әкімшілік жұмыс істейді, мұндай сұрақтар талқылауда болады, бірақ дәл қазір әкімшілік үшін басқа мәселелер басымдықта болып отыр. Бірақ, бұл біздің келіссөздер жүргізбейтінімізді білдірмейді», - деп жауап берді АҚШ елшісі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy