30 Сәуір 16:36

АҚШ өз азаматтарын Украинадағы қару қақтығысқа қатыспауға шақырды

Фото:

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джейн Псаки мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе, NEGE. АҚШ өз азаматтарын Украинаға бармауға, бұл елдегі қару қақтығысқа қатыспауға шақырды.  "Коммерсантъ" басылымының мәліметінше, кеше, 29 сәуірде Украинадағы қарулы қақтығыстың бірінде 22 жастағы АҚШ азаматы, жалдамалы сарбаз Вилли Джозеф Канселдің қайтыс болған.

"Біз адамдардың көмектескісі келетінін білеміз. Украинаға барып, соғысудың орнына бұл елге көмектесудің басқа жолдарын табуға шақырамыз. Бұл соғыс болып жатқан аймақ", - деді Джейн Псаки Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айуынша, Ақ үйде АҚШ азаматың көз жұмғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Алайда ол БАҚ-та отандасының қайтыс болғаны туралы ақпаратты көргенін жеткізді.

"Мемлекеттік арналар арқылы ресми процесс болған жоқ, сондықтан мен бұл туралы қосымша мәлімет айта алмаймын", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Джейн Псаки қайтыс болған сарбаздың отбасына көңіл айтты. Айта кетейік, АҚШ азаматының Украинада көз жұмғаны туралы мәліметті CNN телеарнасы марқұмның анасына сілтеме жасап хабарлады. Әйелдің айтуынша, биыл 12 наурызда ұлы Польшаға ұшып барған. Кейін Украина шекарасынан өтіп, шетелдік батальонға тіркелген. Ол баласының өз еркімен Украинаға кеткенін атап өтті.

Сарбаздың денесі әлі табылған жоқ. Оның қалай қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланбаған.

Тегтер: