Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ одақтастарымен Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін

АҚШ одақтастарымен 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялау мәселесін талқылауға ниеттеніп жатыр. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы Мемлекеттік департтаменттің баспасөз өкілі Нед Прайсқа сілтеме жасап хабарлады,

АҚШ одақтастарымен Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

 деп жазды centralasian.org.

Алматы, NEGE.  Прайстің сөзінше, азаматтық негізде бойкот жариялау бір ғана Вашингтонның емес, оның саяси одақтастарының да қызығушылығын көздейді. Прайс соңғы мезгілде Қытай билігіне қарата адам құқығын бұзу айыптары айтылып келгендіктен, Олимп ойындарына қандай мәлімдеме жасалуы керек деген мәселе талқыланып келе жатқанын білдірді.

Прайс әзірге қандай да бір мерзім туралы сөз жоқ екенін айтып, аталған спорт жарысының өтуіне әлі уақыт бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде Қытайдың сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми өкілі Чжао Лицзянь Олимп ойындарын саясиландырудан аулақ болуды ескертті.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бұл спорт жарыстарына бойкот жариялауға қарсы екенін жеткізді.

Осыған дейін Еуропа одағы ұйғыр секілді мұсылман азшылықтардың құқықтарын бұзғаны үшін соңғы 30 жылда бірінші рет Қытайға санкция салған.

Канаданың төменгі палатасы Бейжіңнің мұндай саясатын "геноцид" деп таныған.

Еуропада құқық қорғаушылар мен қоғамдық ұйымдар Қытайдың Шыңжаң аймағындағы адам құқығы бұзылған жағдайларға көп көңіл бұрып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев