USD
USD
USD

АҚШ: «Навальныйға у беру – Ресеймен қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін»

Ресей билігінің Навальный жағдайының нашарлауына қатысы болса, бұл АҚШ пен Ресейдің алдағы қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Американың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен мәлімдеді, - деп хабарлайды

АҚШ: «Навальныйға у беру – Ресеймен қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін»
Фото: NEGE.kz

DW.

Алматы, NEGE. «Оның артында ресейлік шенеуніктер» тұрса, бұл біздің Ресеймен "алдағы қарым-қатынасымыздың қандай боларына" себеп бола алады», - деді О' Брайен.

Ол Навальныйды "Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге қарсы тұруға батылы жететін өте ержүрек адам" деп атап, саясаткерді қасақана улауы мүмкін деген болжамдар "төтенше алаңдау" тудыратынын айтты.

Еске салайық, саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, 20 тамызда Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда денсаулығы сыр берген. Кейін әуе кемесі Омбыға шұғыл қонып, оппозиция өкілі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Ол ес-түссіз ауруханаға түсті, қазір жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ярмыш белгісіз біреулер саясаткердің шайына у қосқан болуы мүмкін деген болжам жасады. "Таңертең шай ғана ішкен. Дәрігерлер улы зат ыстық сұйықтық арқылы тез сіңетінін айтты", - дейді ол.

Германия канцлері Ангела Меркель Германия Алексей Навальныйға қажетті медициналық көмек көрсетуге, оны неміс ауруханаларында емдеуге дайын екенін айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон да медициналық көмегін ұсынды. Ал кинопродюсер және Cinema for Peace ұйымының негізін қалаушы Яка Бизиль Навальныйды Берлинге тасымалдауға мүмкіндік беретін санитар ұшақ Германиядан Омбыға бара жатқанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр