USD
USD
USD

АҚШ мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын

АҚШ ішінара мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарын қабылдауға дайын. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді. 

АҚШ мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, бұл қадамға ресейліктердің наразылық білдіруі себеп болған. 

«Біз Ресей үкіметінің және олардың Украинадағы қарулы күштері мен ресейлік тұрғындардың әрекеттерін бір-бірінен ажырата аламыз. Олардың көпшілігі әділетсіз соғысқа қарсы шығып жатыр. Біз мұның барлығын бірнеше күннен бері бақыладық. Ресейдегі наразылықтар қазір де жалғасып жатыр», - деді Карин Жан-Пьер.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ-тан саяси баспана сұраған өтініштер жеке қаралатынын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов