Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ мамандары үнді штамын «өлім тудыратын вирус» деп атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «дельта» штамы деп атаған коронавирустың үнділік нұсқасының салдары басқа түрлерге қарағанда ауыр болуы әбден мүмкін.

АҚШ мамандары үнді штамын «өлім тудыратын вирус» деп атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай пікірді NBC телеарнасының эфирінде АҚШ Аллергиялық және инфекциялық аурулар Ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи мәлім етті. Оның атап өтуінше, вирустың бұл түрі әлдеқайда жұқпалы болуы мүмкін. «Ол адамнан адамға оңай жұғады», - деді Энтони Фаучи. Энтони Фаучи америкалық зерттеушілер танысып өткен ғылыми мәліметтер бойынша, аталған штамды жұқтырғандарды «ауруханаға жатқызуға тура келетін, ал кей жағдайларда өлімге апаратын ауыр дертке апаратындықтан» «өлім тудыратын вирус» екенін жеткізді.

Маусымның соңында АҚШ-тың Ауруларды қадағалау және алдын алу федералдық орталықтарының басшысы Рошель Валенски америкалық мамандар дельта-штамның зерттеп жүргенін мәлім етті. Еске салсақ, «Дельта» яғни үнді штамы әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде үнді штамы табылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев