АҚШ конгресі Ресей саяси тұтқындарын қолдайтын заң жобасын ұсынды
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Ресей билігінің тәуелсіз журналистерді, оппозиционерлерді, азаматтық қоғам мен діни ұйым өкілдерін қуғындап, түрмеге қамағанын айыптайтын заң жобасын ұсынды.
Алматы, NEGE. Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің жетекшісі Эллиот Энгел мен республикашыл Майкл Маккол бастама болған заң жобасында Ресей түрмесі мен үйқамақта үш жүзге жуық саяси тұтқын бар екені айтылады, оның алтауының аты-жөні аталған: Алексей Пичугин, Игорь Рудников, Константин Котов, Анастасия Шевченко, Юрий Дмитриев және Деннис Кристенсен. Резолюция мемлекеттік департамент, ЕҚЫҰ, халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен "Мемориал" қоғамының мәліметтеріне негізделген.
Құжатта "Мемориал" қоғамы саяси тұтқын деп санаған адамдарды қамаудан босатуға шақырған. Америка заң шығарушылары мемлекеттік хатшы мен АҚШ қаржы министріне "Магнитский акті" бойынша өкілетін пайдалану және Ресейдің саяси қуғындауға қатысы бар ресми тұлғаларына санкция салу жөнінде ұсыныс жасады.
"Владимир Путин бәрінен бұрын шындықтан қорқады, - деді конгрессмен Майкл Маккол. – Заңды Ресей президенті қуғын құралына айналдырды. Ол журналистерді жақ ашпауға мәжбүрлеп, саяси қарсыластарын қорқытып-үркітеді... Қысым көргендерді қорғау жолында дауысымызды білдіруден қорықпауымыз керек".
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді