USD
USD
USD

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатыр

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалуда, деп хабарлады The Washington Post.

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақ үй Қырғызстанды Ресей Федерациясына тыйым салынған тауар түрлерін кіргізген деп айыптауда. Олардың айтуынша, АҚШ билігі осы аптадан бастап шара қолдануы мүмкін. Қырғызстан ресейлік компанияларға қос мақсаттағы тауарларды, соның ішінде қытайлық дрондарды жеткізеді.

Қырғызстанның Вашингтондағы елшілігі WP сауалына жауап ретінде ел басшылығы контрабандаға және басқа да заңсыз саудаға қарсы күресте халықаралық ережелерді сақтауға міндеттелетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Нидерландыда санкцияларды айналып өтіп, Ресейге компьютер бөлшектерін сатты деген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Ресей Федерациясына Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері арқылы бөлшектерді жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай