USD
USD
USD

АҚШ Қазақстан билігін ЕҚЫҰ ұсыныстарын толық орындауға шақырады

АҚШ Қазақстан Үкіметін ЕҚЫҰ-ның сайлауға қатысты барлық ұсыныстарын, әсіресе бейбіт жиналыстар, пікір білдіру және бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі бостандықтарына қатысты ұсыныстарын толығымен орындауға шақырады

АҚШ Қазақстан билігін ЕҚЫҰ ұсыныстарын толық орындауға шақырады
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы  АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің facebook-парақшасында жария етілді.

Алматы, NEGE. "Америка Құрама Штаттары 19 наурызда өткен парламенттік сайлауда жұмыс істеген бақылаушылардың, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының күш-жігеріне белсенді қатысты. Біз Үкімет енгізген заңнамалық түзетулер ДИАҚБ-ның бұрынғы бірнеше ұсынымдарын ескерген, сонысымен сайлаушылардың таңдауын арттырады деген ЕҚЫҰ-ның алдын ала тұжырымдарын құптаймыз", -делінген онда.

ЕҚЫҰ мониторинг миссиялары дауыстарды санау мен қорытындылаудың ашықтығына және заңсыз әкімшілік кедергілерге, кең дискрециялық өкілеттіктерге және партияларды тіркеу процесінде сот арқылы қорғау құралдарының жоқтығына қатысты алаңдаушылық білдіретінін айтты.

АҚШ Қазақстан Үкіметін ЕҚЫҰ-ның сайлауға қатысты барлық ұсыныстарын, әсіресе бейбіт жиналыстар, пікір білдіру және бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі бостандықтарына қатысты ұсыныстарын толығымен орындауға шақырады.

"АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Президент Тоқаевтың күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет туралы көзқарасын жүзеге асыру жолында қазақ халқының сайланған өкілдері ретінде өздерінің маңызды рөлін орындауға тырысатын Мәжілістің жаңа мүшелерімен жұмыс істеуді асыға күтеміз", - делінген парақшада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе