USD
USD
USD

АҚШ Иранға санкция салмақ

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы санкция енгізеді. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ Иранға санкция салмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін Мемлекеттік департамент Иранның ядролық, баллистикалық және әскери бағдарламаларына байланысты қолданылатын 22 нақты материалды анықтайды. Мұндай материалдарды Иранға бергендерге заңның (АҚШ) 1245 бабына сәйкес санкция салынуы мүмкін», – делінген Помпеоның мәлімдемесінде.

Оның пікірінше, Иранның ядролық, баллистикалық және әскери бағдарламалары «әлемге қауіп төндіруі» мүмкін.

Сондай-ақ, Иранға құрылыс материалдарын жеткізуге тыйым салынады. АҚШ билігі Ислам революциясы сақшылары елдегі «құрылыс саласын бақылауда ұстап отыр» деген пікірде.

«Ислам революциясы сақшыларының құрылыс компаниясы және оған қарасты компанияларға БҰҰ санкция салған. Себебі, олар Фордодағы уранды байыту бағдарламасына қатысқан. Ислам революцияның сақшыларының осы мәртебесіне байланысты және графит немесе шикізат өнімдерін, жартылай фабрикат металдарын Иранға жеткізгендерге санкция салынады», – делінген АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу