USD
USD
USD

АҚШ халқына жаппай вакцина салмақ

АҚШ-та халыққа коронавируске қарсы екпе салу ертең басталады. «Пфайзер» және «БайоНтек» компанияларының препараттары елдің 145 медициналық орталығына жеткізіледі

АҚШ халқына жаппай вакцина салмақ
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы. NEGE. Жыл соңына дейін вакцина 40 миллион американдыққа салынуы тиіс. Айта кеткен жөн, бұл екпені американдық «Пфайзер» және немістің «БайоНтек» компаниялары бірлесіп жасаған. Осы күнге дейін перпаратты өз аумағында қолдануға 6 ел рұқсат берді. Солардың қатарында АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания, Мексика, Канада, Бахрейн мен Сауд Арабиясы бар. Еуроодақ елдерінде вакцинаның сапасына қатысты тексеру әлі жалғасып жатыр. Ол 29 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

Гас Перна, Ақ үйдің жаппай вакцинация бағдарламасының басшысы:

- Біз вакциналардың қауіпсіздігіне 100 пайыз сенімдіміз. Күн сайын қаншама адам коронавирус жұқтырып жатыр. Көз жұмғандар өте көп. Вакцина жасаумен айналысқан топтың әрбір мүшесіне үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy