USD
USD
USD

АҚШ елшісі қазақстандықтарды ерекше құттықтады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook желісінде видеоқұттықтау жариялады. АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан астанасын аралап, қазақтың біртуар тұлғалары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Kazinform

АҚШ елшісі қазақстандықтарды ерекше құттықтады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстан егемендігін жариялап, тәуелсіздік пен жарқын болашақтың даңғыл жолына түсті. Осыған орай мен осы егемендіктің негізін қалаған Қазақстанның ұлы ерлері мен әйелдерін зерттеп көрейін дедім. Олардың есімі қазір күнделікті өмірімізде жиі айтылып, көше маңдайшаларында, ескерткіште жазулы тұр. Қаланы аралап, осы ұлы тұлғалардың егемен, тәуелсіз және заманауи Қазақстанды құруға қосқан үлесін еске алайық», — дейді видеода Дэниел Розенблюм.

Елші Міржақып Дулатов, Шара Жиенқұлова, Мұхтар Әуезов, Ақын Сара және Рахымжан Қошқарбаев көшелеріне тоқтап, біртуар тұлғалардың қазақ халқының тарихына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

— Осы Республика күнінде Қазақстан тәуелсіздікке алғашқы қадамын тойлап жатқанда мен Астанадағы қазақ және американ халықтарының қарым-қатынасын айқындайтын тағы бір көшені атап өткім келеді, ол — Достық. Баршаңызға Республика күні құтты болсын, - дейді Қазақстандағы АҚШ елшісі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар