USD
USD
USD

АҚШ Cенаты Трамп импичментін қолдамады

 АҚШ Cенаты бұрынғы президент Дональд Трамп импичментін қолдамады. 

АҚШ Cенаты Трамп импичментін қолдамады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенбіде Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді.

Reuters мәліметінше, Сенат залында дауыс беру кезінде және одан кейін де хаос болған. Көптеген сенатор абдырап қалды, Рон Джонсон мен Митт Ромни жанжалдасып та алды. 

Трамптың өзі сәтсіз импичмент процесін «жалмауыз кемпірлерге аңшылық» деп атады және «Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға» уәде берді.

«Бұл еліміздің тарихындағы жалмауыз кемпірлерге ең үлкен аңшылықтың тағы бір кезеңі. Ешқандай президент мұндайды басынан өткермеген», – делінген экс-президенттің мәлімдемесінде.

«Алдағы айларда сіздермен көп нәрсе бөлісемін және Американы ұлы етуге бүкіл халқымыз үшін бірлескен жолымызды жалғастырамын деп үміттенемін. Алда жұмыс көп, жақын арада Американың жарқын, шексіз болашағы туралы тұжырымдамамызды ұсынамыз», – деп қосты Трамп.

Осылайша, Дональд Трамп алдағы сайлауларға қатысып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын сақтап қалды. Естеріңізде болса, қаңтардың басында Капитолийге жасалған шабуылдан соң Америка сенаторлары Дональд Трампқа импичмент жариялаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Партия төрағалары неге қатарынан ауысып жатыр?

Партиялар

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуациялануда

Сел

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң