Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ Беларуське ескерту жасады

Азат Еуропа/Азаттық радиосына АҚШ мемлекеттік департаментінен хат келіп түскен. Онда хат авторы Беларусь үкіметін адам құқығы, демократиялық нормаларды сақтауға және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы ретінде алған міндеттемелерін орындауға шақырған.

АҚШ Беларуське ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Өткен аптада президент Александр Лукашенконың басқаруына қарсы наразылық акциясы кезінде 14 журналист ұсталғаннан кейін Беларусь билігі халықаралық қауымдастық сынына ұшырады. 22 маусымда Минскідегі "ынтымақ шеруіне" қатысқан ондаған адамның соты өтті. Ұсталғандардың басым бөлігіне "рұқсат етілмеген акцияға қатысты" және "полиция өкіліне бағынбады" деген айып тағылған.

Беларусь президенттігінен үмітті тәуелсіз және оппозициялық кандидаттарды қолдау акциясынан хабар таратқан журналистер де жауапқа тартылды.

"Еркін әрі әділ сайлау - мұның оқиғадан гөрі көбірек мәні бар. Біз Беларусь үкіметін сайлауға қатысқысы келетіндердің барлығына бірдей жағдай жасауға (кандидаттарды тіркеу, ақпарат құралдарына шығу т.б бойынша) шақырамыз" делінген хатта.

Беларусьте ақпарат құралдары мен оппозиция жетекшілеріне қатар қысым жасалып жатыр. Лукашенконың негізгі бәсекелесі болады делінген кандидаттар қамауға алынған.

Беларусьтің журналистер қауымдастығы және 40 шақты ақпарат құралы 23 маусымда ортақ мәлімдеме таратып, журналистерге қысым жасауды тоқтатуға шақырған. Мәлімдемеде қауымдастық билікті ақпарат құралдарына күш қолданды деп айыптаған.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА