USD
USD
USD

АҚШ басылымы Қазақстанды НЕГЕ «Путиннің артқы есігі» деп атады?

АҚШ-тың танымал «Bloomberg» басылымы Франиция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға келуіне қатысты мақаласын «Макрон жаңа дос пен уран іздеп, Путиннің артқы есігіне кірді» деген атпен шығарды. Бұл басылымның әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

АҚШ басылымы Қазақстанды НЕГЕ «Путиннің артқы есігі» деп атады?
Фото: NEGE.kz

Басылым Франция президентін «өзінің дәстүрлі ықпал ету аймағында кенет өзін «жақтырмайтын қонақ» ретінде сезініп, одан әрі кетті» деп сынады.

Bloomberg-тің жазуы бойынша, президент Эммануэль Макрон Францияның энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, елдің ядролық реакторларын қуаттандыратын уран іздеп қазба байлығы көп Қазақстанға келген. Сондай-ақ, Франция бұрын Ресей уранына толық тәуелді болған, Еуропа Ресей шикізатынан бас тарту саясатын жүргізгендіктен енді Қазақстанға келе бастады деп жазады.

АҚШ басылымының Қазақстанды «Путиннің артқы есігі» деп атағаны қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларына жақпады. Олар «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Біз ешқандай да Путиннің артқы есігі емеспіз. Біз агрессорды жақтамаймыз» деп наразылық білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық бір компания Ресейге тиым салынған тауарды жеткізді деген күдікпен санкцияға іліккен.  

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар