USD
USD
USD

АҚШ Жоғарғы соты Трамптың азаматтықты шектеу жарлығын қолдады

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың туылған жері бойынша азаматтық құқығын шектеу туралы жарлығына төменгі соттардың тоқтату шешімдерін заңсыз деп таныды. 

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың туылған жері бойынша азаматтық құқығын шектеу туралы жарлығына төменгі соттардың тоқтату шешімдерін заңсыз деп танып, Трамптың жағына шықты. Бұл туралы Евронью́с хабарлады.

Елдің бас соты жергілікті соттардың бұл жарлықты АҚШ бойынша тоқтату кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады. Бұл жарлық «жер құқығы» деп аталатын, Америка жерінде туған балаларға автоматты түрде азаматтық беруді қамтамасыз ететін қағиданы шектейді.

Трамп Жоғарғы соттың шешімін «тарихи жеңіс» деп атады. Ол: «Ашық айтқанда, бұл демократияға үлкен қауіп төндірді. Төменгі соттар жеке істер бойынша шешім қабылдаудың орнына бүкіл елге заңды диктант жасады» деді.

Президент қызметіне кіріскен алғашқы күні Трамп заңсыз немесе уақытша тұрған шетелдіктердің Америкада туған балаларының азаматтық алу құқығын жоятын жарлыққа қол қойған. Оған қарсы ондаған штаттар АҚШ Конституциясының 14-ші түзетулерін бұзады деп шағымданды. Бұл түзетуге сәйкес, Америка жерінде туған кез келген адам азамат болып есептеледі. Көптеген судьялар жарлықты ел көлемінде уақытша тоқтатты.

Енді 30 күн ішінде төменгі соттар бұл тыйымдарды алып тастауға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер