USD
USD
USD

АҚШ Венесуэла мұнайын әлемдік нарыққа шығара бастады

Бұл жөнінде АҚШ-тың Энергетика министрлігі хабарлады.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. АҚШ тарабының мәлімдеуінше, бұл шара Америка, Венесуэла және одақтастардың мүддесі үшін қолға алынған. Мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға және қаржылық қолдау көрсетуге әлемдегі жетекші тауар трейдерлері мен негізгі банктер жұмылдырылған.

Сондай-ақ ресми хабарламада мұнайдан түскен табыс банктердегі АҚШ бақылайтын шоттарға түсетіні, ол қаражат «Америка және Венесуэла халқының игілігіне жұмсалатыны» айтылған.

«Венесуэла мұнайы мен мұнай өнімдерін сатудан түскен барлық кіріс алдымен халықаралық деңгейде мойындалған банктердегі АҚШ бақылауындағы шоттарға түседі. Бұл шара қаражаттың әділ әрі заңды түрде бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл қаражат АҚШ үкіметінің шешімімен Америка халқы мен Венесуэла халқының игілігі үшін жұмсалады. Мұнай сатылымы дереу басталып, бастапқы кезеңде шамамен 30–50 миллион баррель мұнай сатылады. Бұл процесс белгісіз мерзімде жалғаса береді», – делінген АҚШ-тың Энергетика министрлігі сайтында жарияланған ақпаратта.

Министрлік мәліметінше, Венесуэлаға тасымалданатын және шығарылатын мұнай АҚШ заңнамасы мен ұлттық қауіпсіздік талаптарына сай, заңды және рұқсат етілген арналар арқылы ғана іске асырылады. 

Бұған қоса АҚШ Венесуэла мұнайы мен мұнай өнімдерін әлемдік нарыққа тасымалдау мен сатуды қамтамасыз ету мақсатында санкцияларды ішінара алып тастайтыны мәлім болды.

Сонымен қатар хабарламада Венесуэланың энергетика желісі тозып кеткені, АҚШ тарапынан электр желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні атап өтілген.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай