USD
USD
USD

АҚШ-тың бұрынғы президенті қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Джорджия штатының Плейнс қаласындағы үйінде 100 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның ұлы Джеймс Эрл Картер III хабарлады. Аталмыш ақпаратты Картер орталығы да растады.

Джимми Картер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Джимми Картер 2019 жылдың наурыз айында Америка президенттері арасындағы ұзақ өмір сүргендердің рекордын жаңартты.

2023 жылдың ақпан айында Картер орталығы жариялаған мәлімдемеде АҚШ-тың 39-шы президенті бірнеше рет ауруханаға түскеннен кейін әрі қарай емделуді тоқтатып, қалған уақытын үй күтімінде өткізетіні айтылған. Ол терінің қатерлі ісігімен күресіп келген. 

Джимми Картер 1950 жылдары Демократиялық партияға қосылып, саясатқа араласты. 1962 жылы ол Джорджия штатының сенатына сайланды және 1971 жылы штаттың губернаторы болды. 1976 жылы ол президенттік сайлауда сол кездегі президент Джеральд Фордты жеңіп, билікке келді. Картер АҚШ-ты 1977 жылдан 1981 жылға дейін басқарды.

2002 жылы бұрынғы саясаткер «халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге, демократия мен адам құқықтарын құрметтеуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған тұрақты күш-жігері үшін» Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

Президент Джо Байден 2025 жылдың 9 қаңтарын Картердің қайтыс болуына байланысты Құрама Штаттарда ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон