6 Қараша 10:41
...

АҚШ-тың басым бөлігінде дауыс беру аяқталды: Президент сайлауының алдын ала нәтижесі қандай?

АҚШ сайлауы
Фото: star.com.tr

АҚШ-тағы сайлаудың алдын-ала қорытындысы шықты, әзірге Дональд Трамп көш бастап тұр. 

Алматы, NEGE. АҚШ-тың көптеген штатындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта сайлау учаскелері тек Аляскадағы Адак қаласында жұмысын жалғастыруда, онда сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат 11:00-ге дейін ашық болады.

Техникалық қиындықтарға, соның ішінде жабдықтың істен шығуына және бюллетеньдердің тапшылығына байланысты кейбір учаскелер жұмыс уақытын ұзартуға мәжбүр болды. Аризона штатында сот тоғыз сайлау учаскесінің жұмысын екі сағатқа ұзартуды бұйырды.

Алдын ала нәтижелер мен экзит-полл бойынша, Дональд Трамп 230 сайлаушы дауысымен көш бастап тұр, ал Камала Харрис 205 дауысқа ие. Жеңіске жету үшін кандидат 270 сайлаушының қолдауына ие болуы керек.

Бірінші сайлау учаскесі Нью-Гэмпширдегі Дисквилл Нотч қаласында ашылды. Мұнда дауыс беру аяқталып, көп ұзамай қорытынды шығарылды. Мұнда Дональд Трамп пен Камала Харрис тең түсті. 

Дональд Трамп Кентукки мен Индиана штаттарында көш бастап тұр. Трамп 56 пайыз, Харрис 41 пайыз жинады. Кентуккиде Трамп 64 пайыз, Харрис 34 пайыз дауыс жинады. 

Харрис Род-Айленд, Вермонт, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Делавэр, Нью-Джерси, Иллинойс және Нью-Йоркте жеңіске жетті.

Сондай-ақ Трамп бес тұрақсыз штаттың төртеуінде көш бастады:

Солтүстік Каролина. Дауыстардың 70%-ы өңделді, Трамп – 52%, Харрис – 47%;

Мичиган. 18% дауыс, Харрис – 50%, Трамп – 48%;

Джорджия. Дауыстардың 84%-ы өңделді, Трамп – 52%, Харрис – 47%.

Висконсин. 42% дауыс, Трамп – 51%, Харрис – 48%;

Аризона. 40% дауыс, Трамп – 50,1%, Харрис – 49,1%.

Сонымен Харристі қолдап, дауыс берген штаттар: Вермонт, Делавэр, Иллинойс, Колорадо, Коннектикут, Массачусетс, Мэн, Мэриленд, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Нью-Мексико, Род-Айленд, Оңтүстік Каролина және Колумбия округі.

Трампты қолдаған штаттар: Айова, Алабама, Арканзас, Вайоминг, Батыс Вирджиния, Индиана, Канзас, Кентукки, Луизиана, Миннесота, Миссисипи, Миссури, Монтана, Огайо, Оклахома, Солтүстік Дакота, Теннесси, Техас, Флорида және Оңтүстік Дакота.

Бюллетеньдерді толық санауға бірнеше апта кетуі мүмкін, бірақ алдын ала нәтижелер әлдеқайда ертерек белгілі болады.