Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі жеткізіп отырған астаналықтар 18 жылға сотталды

АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлары бар пошта сәлемдемелері түрінде аса ірі мөлшерде жеткізу фактісін Аегнттіктің елордалық департаменті әшкереледі.

Сот, сот үкімі, сотталды
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мәселен, қызметтік-іздестіру иттің көмегімен, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері «Қазпошта» АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.

Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.

Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды.

Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркелген. 57,3 кг есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары – 1 680 дана тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық