USD
USD
USD

АҚШ-тан Алматыға пошта сәлемдемесі арқылы ірі есірткі партиясын салып жіберген

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемесі арқылы есірткінің ірі партиясын әкелу фактісін әшкереледі. 

Есірткі
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар («марихуана» және «каннабис сығындысы») АҚШ-тан келген пошта сәлемдемесін ел аумағына өткізген азаматтар ұсталды. Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы)тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасын үйлестірумен жүргізілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Жыл басынан бері Агенттікпен есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткітәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг. Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар тәркіленді (пирролидин – 974 гр., тетрагидроканнабинол - 780,3 гр., метамфетамин-1,26 гр.), анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары – 1 680 дана.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару