USD
USD
USD

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елде заңсыз жүрген адамдарға үндеу жасады.

АА
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Елшілік мәліметінше, АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударған.

Бұл бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.

Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты пікір білдірген. 

"Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз, реттелген әрі үнемді жолы", – дейді Ноэм.

Елшілік АҚШ-та әр-түрлі себептермен мәртебесіз, заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруға шақырады. Сол арқылы заңсыз мигранттарға қолданылатын шаралардың алдын-алуға, мәселені заңды түрде шешуге және болашақта елге оралу құқығын сақтау үшін маңызды қадам болмақ.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Тимур Турлов

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев