USD
USD
USD

АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау басталды

АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау науқаны басталып, алғашқы 79 мигрант Гватемалаға қайтарылды

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді.  Ақпаратқа сәйкес, Biggs Army әскери аэродромынан (Техас штаты) ұшқан әскери ұшақ Гватемалаға бағыт алған. Бортта 79 мигрант болған.

«Президент Трамп бүкіл әлемге анық әрі қатал сигнал жіберіп жатыр: АҚШ-қа заңсыз кірсеңіз, қатаң шаралар қолданылады», – деп жазды Ақ үйдің өкілі әлеуметтік желіде.

Иммиграциялық және кедендік полиция (ICE) ел бойынша 500-ден астам мигрантты ұстады. Ұсталғандардың ішінде 373 адам қылмыстық айыптаулар бойынша; 165 адам басқа себептермен қамауға алынған.

Трамп әкімшілігі мигранттарды қамауға алу және елден шығару бойынша қатаң саясат жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Министрлік ICE-ке мигранттарды мектептер мен шіркеулер секілді бұрын қорғалған орындарда да ұстауға рұқсат берді. Бұрынғы әкімшіліктер мұндай әрекеттерді шектеген еді. «Қылмыскерлер енді мектептер мен шіркеулерді паналап, жазадан құтылмайды», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева